«Әр жүректе – туған жер»

Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуіріндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының және 2019 жылға ішкі істер органдарының имиджін көтермелеу туралы 2018 жылдың 1 қарашасындағы Ішкі істер министрінің №771 бұйрығымен бекітілген іс-шаралар жоспарын іске асыру барысында Алматы қ. Полиция департаментінің клубында «Әр жүректе – туған жер» атты патриоттық әндерінің Арт-фестивалі өткізілді.

Фестивальға Алматы қаласы бойынша аудандық ішкі істер басқармаларының полиция қызметкерлері қатысып, түрлі патриоттық әндерді жанды дауыста орындады. Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының атынан тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция капитаны Г.Толыкбаева қатысты. Фестиваль қорытындысы бойынша полиция капитаны Г.Толықбаева 3 орынға ие болды. Жеңімпаздар Алматы қ. Полиция департаменті бастығының атынан дипломдар және бағалы сылйықтармен марапатталды.

2

Изображение 1 из 2

государственные сайты