Құрметті Өмірбай Хозияшұлы!

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының профессорлық-оқытушы құрамы, ардагерлер мен курсанттары және жеке өз атымнан Сізді және Сізге сеніп тапсырылған ұжымды Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі мереке-бұл қазақстандық полицияны жанкештілікпен құрған және осы күнге дейін оның қатарында еңбек еткен барлық адамдарға құрмет көрсету.

Сіздің бірегей тәжірибеңіз, қалыптасқан дәстүрлер бүгінгі күні тәртіп сақшыларының жас ұрпағын оқыту мен тәрбиелеу үшін үлгі болып табылады.

Қоғам полиция қызметкерлеріне жоғары талаптар қояды, өйткені азамат үшін полиция түріндегі адам заң мен әділдікті бейнелейді. Іске тек жауапты қарым-қатынаспен, әрбір адамның проблемаларына деген ықылас және жапкершілікпен қарау, сондай-ақ сауатты және кәсіби жұмыспен ғана сенім артуға және оны тиісті деңгейде ұстап тұруға болады.

Сіздің күш – жігеріңіз, эрудицияңыз, кәсібилігіңіз, бай тәжірибеңіз, еңбекқорлығыңыз бен өмірлік ұстанымыңыздың қаттылығы Сізге біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасының игілігі үшін одан әрі жемісті еңбек етуге мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Сізге және Академияның барлық жеке құрамына жүктелген кәсіби міндеттердің лайықты орындалуын, қиын еңбекте табыс тілеймін!

Сізге және жақындарыңызға зор денсаулық пен амандық тілейміз!

Ізгі ниетпен,

Қазақстан Республикасы ІІМ

ТЖК Көкшетау техникалық

институтының бастығы, т.ғ.д.

азаматтық қорғау полковнигі                                                          С.Шәріпханов

 

2020 ж. 23 маусым

rmetti-mirbaj-Hoziyash-ly

Изображение 1 из 5

государственные сайты