Тұрақты құрам арасында волейболдан жарыс өтті

2019 жылдың 12 мен 15 қараша аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының тұрақты құрамы арасында волейболдан Чемпионат өтті.

Жарысқа жалпы саны 6 команда қатысты. Атап айтар болсақ жоғарғы оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институты, күндізгі оқу факультеті, жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы кафедрасы, тәрбие жұмысы бөлімі, кезекші бөлім, техникалық факультет атынан құрылған командалар ойын алаңында кездесіп, бақтарын сынады. Жарыс командалық есеппен, халықаралық ережеге сәйкес  өтті.

Жарыс  қорытындысы бойынша  1-ші орынды жоғары дәрежеде ойын көрсетіп, өздерінің  мықтылығын дәлелдей білген дене шынықтыру дайындығы кафедрасының камандасы жеңіп алды. 2-ші орын  күндізгі оқу факультетінің командасына бұйырса, үшінші орынды кезекші бөлім атынан шыққан команда мүшелері иеленді. .

Жарыс жоғары деңгейде өтті. Ойын қортындысы жаряланғаннан кейін төрешілер мен жүлдегерлер қатысқан мәжіліс өткізілді. Мәжіліс барысында салауатты өмір салтын  ұстану, қызметкерлер арасында волейбол ойынын кеңінен  насихаттау, құрама команда іріктеу туралы келісім жасалып, алда болатын жарыстарға дайындық жоспарлары қарастырылды.

1

Изображение 1 из 3

государственные сайты