Жас қызметкерлер салтанатты түрде Ант қабылдады

2020 жылдың 2 қарашасында Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында жас қызметкерлердің салтанатты түрде Ант қабылдау рәсімі өткізілді.

Академия алаңында сап түзеген жас қызметкерлер  Отан алдындағы антын  қабылдады. Ант қабылдау рәсімі — өз ғұмырын ішкі істер саласына арнаған әр азаматтың Отан алдындағы борышын өтеуге қадам басқан ең жауапты да, есте сақталатын күні.

Жиын соңында жас қызметкерлер Академия мұражайымен таныстырылып және ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, милиция генерал-майоры Мақан Есболатұлының өмірі мен қызметі туралы түсірілген деректі фильм көрсетілді. 

4

Изображение 1 из 6

государственные сайты