Жолдаудың басымдықтарын түсіндіру

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдаудың басымдықтарын түсіндіру мақсатында  ІІМ М.Есболатов атындағы  Алматы академиясының  клубында жеке құраммен кездесу өтті. Әр жыл сайынғы Президент жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдарымен ерекшеленеді.

Жалпы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының  профессоры, отставкідегі полиция полковнигі, тарих ғылымдарының кандидаты Т.С.Құлтаев  «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Парламент біріккен отырысының  VI шақырылымының 5- сессиясы барысында  жариялаған Жолдауында  ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту,  халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар, Президент зорлық –зомбылық үшін жазаны күшейтуге және  бейбіт шерулер ұйымдастыруға рұқсат беруді тапсырды- деп Жолдауды  көпшіліке түсіндіріп,  негізгі маңызды бөліктеріне тоқталып  өтті.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін ең маңызды тұсы Құқық қорғау жүйесін толық реформалау –аса маңызды міндеттерінің бірі екені, ішкі істер органдарын реформалауға алдағы үш жыл ішінде  173 миллиард тенге бөлінетіні жағымды жаңалық болды. Президент Жолдауы Академияда қызу талқыланып, зерделенді.

2

Изображение 1 из 3

государственные сайты